24.04.2026 10:12
Компани Чемпиондар лигасын жеңген жағдайда сыйақы алады
24.04.2026 10:12
«Бавария» бас бапкері Венсан Компани маусым соңында байып қалуы мүмкін

Bild хабарлауынша, Мюнхеннің клубы оған Чемпиондар лигасын жеңген жағдайда бір миллион еуро қосымша сыйақы беретінін айтып қойыпты.
«Бавария» Чемпиондар лигасының жартылай финалында ПСЖ-мен кездеседі. Алғашқы матч 28 сәуір күні Парижде өтсе, қарымта кездесу 6 мамырда «Альянц Аренада» болады. Одан сүрінбесе финалда «Арсенал» – «Атлетико» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
40 жастағы бельгиялық маман «Баварияны» 2024 жылдың жазынан бері жаттықтырып келеді.