24.04.2026 10:54

Гордон «Арсеналға» қарсы ойнамайды

24.04.2026 10:54

«Ньюкасл» дүлдүлі Энтони Гордонның жағдайы белгілі болды

Daily mail журналисі Крэйг Хоуптың хабарлауынша, Энтони «Кристал Пэласқа» (1:2) қарсы матчта сан бұлшық етін зақымдап алыпты. Ол осы жарақатына байланысты командамен жаттығуға қатыспаған және «Арсеналға» қарсы ойнамайды екен.

Ағылшын Премьер-лигасының 34-туры аясында Лондонда өтетін «Арсенал» – «Ньюкасл» матчы 25 сәуір сағат 21:30-ға жоспарланған.

25 жастағы англиялық вингер осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram