24.04.2026 14:39
Де Лигт бес айдан кейін алаңға оралды
24.04.2026 14:39
«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Маттейс де Лигттің жағдайы белгілі болды

Клубтың хабарлауынша, ол жеке бағдарлама бойынша доппен жаттығу жасап жүр. Матта осыған дейін арқасын жарақаттап алып, 30 қарашадан бері ем қабылдаған еді.
26 жастағы Нидерланд құрамасының жұлдызы манкуниандықтардың сапына 2024 жылы «Бавариядан» 45 миллион еуроға ауысып келген. Ол осы маусымда 14 матчқа қатысып, бір гол соқты.