24.09.2025 10:39
Экитике гол тойлаймын деп қызыл қағаз алды
24.09.2025 10:39
Лига кубогының 1/16 финалы аясында «Ливерпуль» «Саутгемптонды» 2:1 есебімен жеңді
Аталған матчта ерекше жағдай орын алды. 53-минутта Уго Экитике сары қағазбен жазаланған болатын. Араға 35 минут салып нидерландылық футболшы гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Ең қызығы, Экитике гол тойлау барасында жейдесін шешіп тастап қуанды. Нәтижесінде төреші Том Бреммел мерсисайдтықтардың шабуылшысын заңды түрде алаңнан қуды.
Осыған байланысты 23 жастағы футболшы Ағылшын Премьер-лигасы аясындағы «Кристал Пэласқа» қарсы ойынға қатыса алмайтын болды.
Матчтан кейін Уго бұл қылығын білместіктен жасағанын айтып, клуб жанкүйерлерінен кешірім сұрады.
Экитике «Ливерпуль» сапына өткен жазда қосылған еді. Осы аралықта жалпы сегіз матч өткізіп, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.