17.09.2025 11:48
Араухо «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
17.09.2025 11:48
«Барселона» ойыншысы Рональд Араухо мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін
Fichajes мәліметінше, уругвайлық қорғаушы үшін «Ливерпуль» шамамен 50 миллион еуро ұсыныс жасауға дайындалып жатыр екен.
Ал каталониялықтар 26 жастағы ойыншысын сатуға қарсы емес. Сондықтан трансфер қыста орын алуы мүмкін.
Араухо «Барселона» намысын 2020 жылдың қазан айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 177 матч өткізіп, 10 гол соғып, жеті ассист жасады.