12.03.2026 00:01
Дэвис қашан оралады?
12.03.2026 00:01
«Бавария» қорғаушысы Альфонсо Дэвистің жағдайы белгілі болды

25 жастағы канадалық ойыншы Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Аталантаға» (6:1) қарсы бірінші матчта бұлшық етін зақымдап алған еді. Осыған байланысты шамамен үш апта бойы командасына көмектесе алмайды.
Дэвис былтыр наурызда оң жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алып ота жасатқан еді, соның салдарынан жеті айдай ойнамады. Сондай-ақ ол өткен айда «Айнтрахтқа» қарсы кездесуде бұлшық ет жарақатын алып, екі апта емделді.
Дэвис осы маусымда 13 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.