08.09.2025 09:42
Де Брюйне Азарды артқа тастады
08.09.2025 09:42
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгия Қазақстанды (6:0) ірі есеппен жеңді
Аталған кездесуде Кевин де Брюйне ұлттық құрамадағы 33 және 34-голдарын соқты.
Осылайша, сұрмергендер тізімінде 33 гол соққан Эден Азарды басып озып, екінші орынға жайғасты. Ал абсолютті рекорд 89 мәрте мергендік танытқан Ромелу Лукакуға тиесілі.
Де Брюйне Бельгия сапындағы тұсаукесер ойынын 2010 жылдың 11 тамызында өткізген болатын. Осы аралықта жалпы 113 матчта ел намысын қорғап, 34 голдың авторы атанды.