12.03.2026 23:59
Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды
12.03.2026 23:59
Чемпиондар лигасы 1/8 финалының бірінші матчтарында үздік ойын көрсеткен футболшылардан символикалық құрама жасақталды
UEFA бақылаушылары оған жеті түрлі клубтың ойыншысын қосты:
Қақпашы: Тибо Куртуа («Реал»);
Қорғаушылар: Исмаил Якобс («Галатасарай»), Роберт Андрих («Байер»), Робин Ле Норман («Атлетико»), Йосип Станишич («Бавария»);
Жартылай қорғаушылар: Сондре Брундстад Фет («Буде-Глимт»), Марио Лемина («Галатасарай»), Федерико Вальверде («Реал»);
Шабуылшылар: Хвича Кварацхелия (ПСЖ), Хулиан Альварес («Атлетико»), Майкл Олисе («Бавария»).

Айта кетейік, турдың «үздік ойыншысы» марапатын «Манчестер Сити» (3:0) қақпасына хет-трик жасаған «Реал» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде жеңіп алған еді.