19.02.2026 19:28

Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы белгілі болды

19.02.2026 19:28

Энтони Гордон Чемпиондар плей-офф кезеңінің бірінші матчтары бойынша ең үздік ойыншы атанды

24 жастағы «Ньюкаслдың» ағылшын вингері «Қарабах» (6:1) қақпасына бірінші таймда-ақ төрт гол тоғытқан еді.

Осылайша ол жүлдеге таласта Дезире Дуэні (ПСЖ), Каспер Хёгті («Будё/Глимт») және Патрик Шикті («Байер») артқа тастады.

  1. Энтони Гордон – төрт гол

  2. Дезире Дуэ – екі гол, бір ассист

  3. Каспер Хёг – бір гол, екі ассист

  4. Патрик Шик – екі гол.

Гордон осы маусымда жалпы 36 матчта 14 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram