11.09.2025 15:10

«Челси» жартылай қорғаушысы қатардан шықты

11.09.2025 15:10

«Челси» ойыншысы Дариу Эссугу жарақат алды

20 жастағы жартылай қорғаушы Португалия жастар құрамасындағы жаттығу кезінде жамбасын зақымдап алыпты. Осыған байланысты, үш ай бойы командасына көмектесе алмайды екен.

Эссугу «Челси» сапын биыл жазда толықтырған еді. Лондондық клуб футболшыны «Спортингтен» 22 миллион еуроға сатып алды. Осы аралықта Дариу клубтар арасындағы әлем чемпионатында үш матч өткізіп үлгерді. Алайда нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.

Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасының үш турынан кейін жеті ұпай жинаған Энцо Мареска шәкірттері турнир кестесінде екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram