19.02.2026 19:46
«Челси» ойыншысына бес клуб көз тікті
19.02.2026 19:46
Лиам Делап «Челсиден» кетеді

Caught Offside хабарлауынша, 23 жастағы ағылшын форварды осы жазда клуб ауыстырады. Қазіргі таңда оған «Ньюкасл», «Брайтон», «Сандерленд» және «Эвертон» қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ «Манчестер Юнайтед» қолжетімді бағада болса, сатып алуға дайын екен.
Лондонның клубы Делапты өткен жазда «Ипсвичтен» 35,5 миллион еуроға сатып алып, 2031 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойған еді. Ол содан бері 30 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.