21.02.2026 22:06

«Челси» «Бёрнлиді» жеңе алмады

21.02.2026 22:06

Ағылшын Премьер-лигасының 27-турында «Челси» өз алаңында «Бёрнлимен» тең тарқасты

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Матчтың 4-минутында Жоау Педро есеп ашса, 90+3-минутта Зиан Флемминг таразы басын теңестірді.

Осылайша «көктер» 45-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 1 наурыз күні «Арсеналға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram