21.09.2025 00:17

Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтедтегі» 100-голын соқты

21.09.2025 00:17

Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтед» сапындағы 100-голын соқты

Манкуниандықтардың капитаны «Челсиге» (2:1) қарсы ойынның 14-минутында қақпа торын тулатты.

Манчестерлік клуб Фернандешті 2020 жылдың қаңтар айында «Спортингтен» 65 миллион еуроға сатып алған болатын. Осы аралықта 31 жастағы жартылай қорғаушы 296 матч өткізіп, 100 гол соғып, 86 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, аталған кездесуде Харри Магуайр клубтағы 250-ойынын өткізді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram