03.04.2026 20:28
Бруну Фернандеш АПЛ үздік ойыншысы атанды
03.04.2026 20:28
«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер-лигасының наурыздағы үздік ойыншысы атанды

31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы өткен айда төрт матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Джеймс Гарнерді («Эвертон»), Морган Гиббс-Уайтты («Ноттингем Форест»), Энтони Гордонды («Ньюкасл»), Алекс Ивобиді («Фулхэм»), Давид Райяны («Арсенал») және Дэнни Уэлбекті («Брайтон») артқа тастады.
Сонымен қатар Бруну бұл жүлдеге жалпы алтыншы рет қол жеткізіп, Криштиану Роналдумен теңесті.
Фернандеш осы маусымда 30 матчта сегіз гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.