14.10.2025 21:46
Бельгия бапкері: Қазақстанға бармайтыным жақсы болды
14.10.2025 21:46
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Бельгия Уэльсті (4:2) жеңді
Матч соңында Бельгия бас бапкері Руди Гарсия төреші Даниэль Зибертпен салғаласқаны үшін сары қағазбен жазаланды.
Осыған байланысты Қазақстанға қарсы ойында командасына алаң жиегінен көмектесе алмайтын болды.
— «Маған дисквалификация берген сияқты. Бір жағынан дұрыс болды. Қазақстанға ұзақ сапар шегіп, әуре болмаймын»,– деді Руди Гарсия матчтан кейін.
Қазақстан мен Бельгия арасындағы кездесу 15 қараша күні «Астана Аренада» өтеді.