08.04.2026 01:53
«Бавария» «Реалды» тізе бүктірді
08.04.2026 01:53
Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчында «Бавария» сырт алаңда «Реалды» тізе бүктірді

«Бернабеу» стадионында өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Матчтың 41-минутында Луис Диас алғашқы голды соқты. Одан соң 46-минутта Харри Кейн есепті еселеді. Ал алаң иелерінің жалғыз добын 74-минутта Килиан Мбаппе қақпа торына енгізді.
Қарымта кездесу 15 сәуір күні Мюнхенде өтеді.