08.04.2026 00:08
Мирча Луческу дүниеден өтті
08.04.2026 00:08
Белгілі бапкер Мирча Луческу бақилық болды

Бұл жөнінде Румыния футбол федерациясы хабарлады. 80 жастағы Луческу денсаулығының үздіксіз сыр беруіне байланысты көз жұмды.
Осыған дейін Луческу Словакия құрамасына қарсы матч алдындағы жаттығу кезінде талып қалып, ауруханаға түскен еді. Одан кейін бірнеше рет инсульт алып, тіпті комада да жатты.
Тарихтағы ең егде бапкер Румынияны 2024 жылдың тамызынан бері жаттықтырып келді. Оған дейін ол Түркия құрамасын және «Интер», «Динамо» Киев, «Галатасарай», «Бешикташ», «Зенит» секілді клубтарды баптаған.