07.04.2026 20:53
Анчелотти Бразилияда қалады
07.04.2026 20:53
Карло Анчелотти Бразилия құрамасында қалады

ESPN хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Құжаттардың бәрі дайын болыпты, енді тек қол қою ғана қалды.
66 жастағы италиялық маман «селесаоны» 2025 жылдың мамыр айында тізгіндеген еді. Осы аралықта команда бес рет жеңіске жетіп, екі ойында тең түссе, үш матчта қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, Бразилия биылғы Әлем чемпионатында Марокко, Гаити және Шотландиямен C тобында ойнайды.