07.04.2026 14:39
«Барселонадан» екі ойыншы кетеді
07.04.2026 14:39
«Барселона» жазда екі ойыншысымен қош айтысады

Sport.es хабарлауынша, Каталония клубынан шабуылшы Ферран Торрес пен жартылай қорғаушы Марк Касадо кетеді. Бұл екеуіне команданың спорт директоры Декудың көңілі толмайды екен. Сондықтан ол барлық ұсынысты қарастырып көрмек.
Айта кетейік, «блауграна» келесі кездесуін ертең, 8 сәуір күні Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында «Атлетикоға» қарсы өткізеді.