07.04.2026 22:36
Исак қатарға оралды
07.04.2026 22:36
«Ливерпуль» шабуылшысы Александер Исак қатарға оралды

26 жастағы швед форварды жарақатынан айықты және ПСЖ-мен ойын үшін командамен бірге Парижге аттанды. Ол 20 желтоқсан күні «Тоттенхэмге» (2:1) қарсы матчта тобығын зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
Исак Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Ньюкаслдан» 145 миллион еуроға ауысып келген. Осы аралықта 16 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Чемпиондар лигасы 1/4 финалы аясындағы ПСЖ мен «Ливерпуль» арасындағы алғашқы матч ертең, 8 сәуір күні «Парк де Пренс» стадионында өтеді.