07.05.2026 02:15

«Бавария» – ПСЖ матчының үздік ойыншысы белгілі болды

07.05.2026 02:15

ПСЖ қорғаушысы Вильян Пачо Чемпиондар лигасы жартылай финалы аясында өткен «Баварияға» қарсы қарымта кездесуде үздік ойыншы атанды

24 жастағы эквадорлық ойыншы толық 90 минут ойнады. Осы уақыт ішінде ол 8,9 шақырым жүгіріп тастаса, ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 34,3 шақырымға дейін жетті. Сондай-ақ алты мәрте қарсыластан доп тартып алды және екі соққыға тосқауыл қойды.

Аталған ойын Мюнхенде өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. 3-минутта Осман Дембеле есеп ашса, 90-минутта Харри Кейн таразы басын теңестірді. Енді Луис Энрике шәкірттері 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтетін финалда «Арсеналмен» кездеседі.

Пачо ПСЖ намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 43 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram