16.01.2026 11:22

«Бавария» ойыншысы қатардан шықты

16.01.2026 11:22

«Бавария» жартылай қорғаушысы Конрад Лаймер жарақат алды

28 жастағы Аустрия ойыншысы «Кёльнге» (3:1) қарсы матчта бұлшық ет талшығын зақымдап алыпты. Соның салдарынан 3-4 апта командасына көмектесе алмайды.

Бұл оның мансабындағы 15-жарақаты болды. Осыған дейін 536 күні емделуге кетіп, 109 матчтан тыс қалған.

Лаймер осы маусымда 26 матчта екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram