14.09.2026 19:33
Бастони «Челсиге» ауысуы мүмкін
14.09.2026 19:33
«Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони «Челсиге» ауысуы мүмкін

Corriere dello Sport хабарлауынша, Лондонның клубы ол үшін алдағы қыста 80 миллион еуро ұсынуды жоспарлап отыр. «Көктердің» бас бапкері Хаби Алонсо 27 жастағы италиялық ойыншыны өз командасында көргісі келеді.
Бастони «нерадзурри» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда төрт матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.