14.09.2026 14:36

Вирц «Баварияға» ауысуы мүмкін

14.09.2026 14:36

«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Флориан Вирц Германияға оралуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, оны «Бавария» қатарынан көргісі келеді. Мюнхеннің клубы Флорианға көз салып отыр және алдағы уақытта ұсыныс жасауы әбден мүмкін. Ал «Ливерпульдің» Вирцті сатқысы жоқ.

Мерсисайдтың клубы 23 жастағы неміс футболшыны 2025 жылдың жазында «Байерден» 125 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда бес матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram