14.09.2026 15:35

Ямаль: «Алтын доп» алуға лайықпын

14.09.2026 15:35

«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль «Алтын доптан» дәмелі екенін айтты

«Меніңше, Мбаппе екеуміз қазір әлемнің үздік ойыншылары болып тұрмыз. Бұны футбол көретін кез-келген адам растай алады. Ал биылғы «Алтын допты» жеңіп алуға әбден лайықпын»,– деді Ямаль.

19 жастағы Испания вингері биыл Әлем чемпионы атанып, Испания Ла Лигасы мен Суперкубогында топ жарған еді. Ал осы маусымда алты матчта жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram