13.04.2026 12:31

«Барселона» ойыншысына АПЛ-дың екі клубы көз тікті

13.04.2026 12:31

«Барселона» жартылай қорғаушысы Марк Касадо мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Tuttomercato хабарлауынша, оны «Вест Хэм» мен «Тоттенхэм» өз қатарынан көргісі келеді. Лондонның клубтары жоғары дивизонда қалған жағдайда ғана Касадоны қатарға қосуы мүмкін екен.

Осыған дейін Марктың Каталония клубынан кету туралы шешім қабылдап қойғаны хабарланған еді. «Блауграна» төл түлегін 20 миллион еуроға бағалап отыр.

22 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 30 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Ағылшын Премьер-лигасының турнир кестесінде «Вест Хэм» 17-орынға, ал «Тоттенхэм» 18-орынға жайғасқан.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram