13.04.2026 10:23

Алиссон «Ювентуске» ауысуы мүмкін

13.04.2026 10:23

«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Италияға оралуы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, ол «Ювентуспен» келіссөз жүргізіп жатыр. Туриннің клубы оған үш жыл жылға жарамды келісімшарт ұсыныпты. Алиссоның өзі мансабын аяқтар алдында Италияда ойнағысы келеді екен.

Оның үстіне Алиссон «бьянконеридің» қазіргі бапкері Лучано Спаллеттимен жақсы таныс. Екеуі 2016-2017 жылдары «Ромада» бірге жұмыс істеген.

33 жастағы бразилиялық голкипер Мерсисайдтың клубына 2018 жылы «Ромадан» 72,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта 36 гол өткізіп, 13 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram