13.04.2026 10:56
«Барселона» Левандовскиге ұсыныс жасады
13.04.2026 10:56
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски клубта тағы бір маусымға қалуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Каталонияның клубы оған 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсынды. «Блауграна» Робертті сақтап қалғысы келеді, бірақ соңғы сөзді Левандовскидің өзі айтады екен.
Қазіргі таңда оған «Милан», «Ювентус», «Чикаго Файр» және Сауд Арабиясының клубтары көз тігіп отыр.
37 жастағы поляк форварды «Барселонаға» 2022 жылы «Бавариядан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 39 матчта 17 гол соғып, үш нәтижелі пас берді