12.04.2026 14:52

«Барселонадан» бір ойыншы кетеді

12.04.2026 14:52

«Барселона» жартылай қорғаушысы Марк Касадо клубтан кетеді

Sport.es хабарлауынша, ол кету туралы нақты шешім қабылдап қойыпты. Марк Ханс-Дитер Фликтің тұсында аз ойнайтынына наразы. Клуб та футболшымен келісімшартты ұзартқысы келмейді екен.

Қазіргі таңда оған Сауд Арабиясының клубтары қызығушылық танытуда. «Блауграна» төл түлегін 20 миллион еуроға бағалайды.

22 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 30 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram