12.04.2026 13:03
«Ливерпуль» «Гамбияның Мессиіне» көз тікті
12.04.2026 13:03
«Брайтон» вингері Янкуба Минте «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Mirror Football хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы «Гамбияның Мессиі» атанып кеткен футболшыны жазда сатып алуды қарастырып жатыр. «Қызылдар» оны маусым аяқталысымен командадан кететін Мұхамед Салахтың орнына алмақ.
21 жастағы ойыншы АПЛ осы маусымында 28 матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ол осыған дейін «Фейеноордта» «Ливерпульдің» қазіргі бапкері Арне Слоттың шәкірті болған еді.