05.12.2025 12:56
Арсен Венгер Әлем чемпионатының басты фаворитін атады
05.12.2025 12:56
«Арсеналдың» бұрынғы бапкері Арсен Венгер 2026 жылғы Әлем чемпионатының басты фаворитін атады

– «Барынша бейтарап болып қарасамда, Франция – Әлем чемпионатының басты фавориті. Себебі, олардың құрамында топ-деңгейдегі шабуылшылар бәрінен көп. Бұл – үлкен артықшылық»,– деді Венгер.
2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. АҚШ, Канада һәм Мексикада болатын мундиальдың жеребе тарту рәсімі бүгін, 5 желтоқсанда өтеді.