14.09.2025 18:03
Анарбеков ауыр жарақат алды
14.09.2025 18:03
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды
Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап жатыр. Бірінші таймнан кейін есеп ашылмады.
Аталған кездесудің 13-минутында Темірлан Анарбеков матчты жалғастыра алмайтын болды. Допқа талас кезінде қазақстандық голкипер қарсыласымен соқтығысып, бетінен ауыр соққы алды. Нәтижесінде алаңдағы орнын 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға босатуға мәжбүр болды.
Осыған дейін алматылық ұжымның бірінші қақпашысы Александр Заруцкий де тізесін зақымдап алып, ұзақ уақытқа қатардан шыққан еді.
Айта кетейік, «Қайрат» төрт күннен кейін Чемпиондар лигасы аясында «Спортингпен» кездеседі. Аталған матч Португалияның Лиссабон қаласында өтеді.