03.09.2025 16:58
Темірлан Анарбеков Уэльске қарсы ойнамауы мүмкін
03.09.2025 16:58
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев баспасөз мәслихатында Темірлан Анарбековтің ойнамауы мүмкін екенін айтты
«Темірлан «Оқжетпеске» қарсы ойында Дамир Маратпен соқтығысып тізесін жарақаттап алды. Сондықтан медициналық тексерістің нәтижесіне назар аударамыз», – деді бас бапкер.
Одан бөлек құрамаға Бекхан Шайзада мен Мұхаммеджан Сейсен шақырту алған еді.
ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Уэльске қарсы матч 4 қыркүйек күні Астанада өтеді.