03.09.2025 12:13

Қазақстан – Уэльс матчының билеттері толықтай сатылып кетті

03.09.2025 12:13

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Уэльспен кездеседі

«Астана Аренада» өтетін матчта ине шаншар орын болмайын деп тұр. Себебі, матчтың билеттері түгел сатылып кетті.

Аталған ойын 4 қыркүйек күні, сағат 19:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн және Бельгия құрамаларымен сынға түсіп жатыр. 3 ойында 3 ұпай жинаған Әли Әлиев шәкірттері, турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram