03.09.2025 16:49
Еркін Тапалов қатардан шықты
03.09.2025 16:49
Қазақстан құрамасының футболшысы Еркін Тапалов қатардан шықты
Ұлттық команданың бас бапкері Әли Әлиевтің айтуынша, «Қайраттың» қорғаушысы шеміршегін жарақаттап алыпты.
Осыған байланысты Еркін Уэльске қарсы матқа қатыспауы бек мүмкін.
Сондай-ақ, Ислам Чесноков та бұлшық етін зақымдап алған екен. Алдағы ойында оның алаңға шығу-шықпауы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ертең, 4 қыркүйек күні 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Уэльспен күш сынасады. «Астана Аренада» өтетін кездесу еліміздің уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.