07.09.2025 15:22

Анарбеков Бельгияға қарсы ойнамауы мүмкін

07.09.2025 15:22

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Темірлан Анарбековтың жағдайына тоқталды

— «Қақпашыға келсек бізде таңдау көп. Бірақ, Темірлан үшін соңғы он күн өте ауыр өтті. Үш бірдей маңызды кездесу өткізді. «Селтикке» қарсы ерлеп, «Оқжетпеспен» Көкшетаудағы ойында қақпасына гол жібермеді. Оған Уэльспен ойынды да қосыңыз. Бұл физикалық тұрғыдан да, психологиялық жағынан да ауыр соғуы мүмкін»,– деді бас бапкер.

Осыған байланысты бүгінгі Бельгиямен ойында Қазақстан қақпасын Мұхаммеджан Сейсен немесе Бекхан Шайзада қорғауы бек мүмкін.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Бельгия — Қазақстан кездесуі бүгін, 7 қыркүйекте өтеді. 23:45-те басталатын ойынды Qazsport телеарнасы көрермендер назарына тікелей эфирде ұсынады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram