28.05.2026 18:27
«Алтын доп» табыстау кеші Лондонда өтеді
28.05.2026 18:27
2026 жылғы «Алтын доп» иегері қашан және қайда анықталатыны белгілі болды

Салтанатты кеш 26 қазан күні үйреншікті Парижде емес Лондонда болатын болды. Ұйымдастырушылар шараның өтетін орны ретінде жүлденің 70 жылдығына орай және алғашқы иегер ағылшын футболшысы Стэнли Мэтьюздің құрметіне Англия астанасын таңдады.
Былтыр «Алтын допты» ерлер арасында ПСЖ дүлдүлі Осман Дембеле, ал әйелдерде «Барселона» жұлдызы Айтана Бонмати жеңіп алған еді.