28.05.2026 18:02

Неймар қатардан шықты

28.05.2026 18:02

«Сантоста» ойнайтын Бразилия құрамасының дүлдүлі Неймар қатардан шықты

34 жастағы футболшы балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен 2-3 апта алаңға шықпайды және салдарынан Панама (31 мамыр) мен Египетке (6 маусым) қарсы жолдастық матчтарға қатыспайды. Сондай-ақ Әлем чемпионатының алғашқы турындағы Мароккомен (13 маусым) ойыннан да тыс қалуы мүмкін.

Бразилия жаһан додасында С тобында Шотландия, Марокко және Гаитимен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада һәм Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram