28.05.2026 16:59

«Барселона» Альварес үшін қанша төлейтіні белгілі болды

28.05.2026 16:59

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуға жақын

Карлос Манфорттың хабарлауынша, Каталонияның клубы Альварес үшін қосымша бонустарды есептемегенде 90 миллион еуро көлемінде ұсыныс жолдады. Бірақ бұл сома «Атлетико» үшін тым аз. «Матрасшылар» басты жұлдызын 150 миллионға бағалап отыр. Енді «блауграна» саудаласып көрмек.

Альварес Мадридтің клубына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram