28.05.2026 14:24
Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуға жақын
28.05.2026 14:24
«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Каталонияның клубы алғашқы ресми ұсыныс жасауға дайындалып жатыр және оны жақында жолдайды. Хулианның өзі бірнеше ай бұрын «Атлетико» басшылығына клубтан кеткісі келетінін айтқан екен, тіпті келісімшартты ұзартудан бас тартыпты.
Альварес Мадридтің клубына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.