28.05.2026 13:39

Модрич «Реалға» оралуы мүмкін

28.05.2026 13:39

«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич мансабын аяқтауы мүмкін

Tuttosport хабарлауынша, «Реал» оған жаңа бапкер Жозе Моуриньюдың штабынан орын бергісі келеді немесе басшылықтан қызмет ұсынбақ.

Осыған дейін Модричтің Әлем чемпионатынан кейін бутсасын шегеге ілуді жоспарлап жүргені белгілі болған еді. Лука бұл туралы «Милан» Чемпиондар лигасына шықпай қалғаннан кейін қатты ойлана бастапты.

40 жастағы хорватиялық ойыншы «Реал» сапында 2012-2025 аралығында қорғаған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram