28.05.2026 10:48
Ямаль қатарға оралды
28.05.2026 10:48
«Барселона» және Испания құрамасының дүлдүлі Ламин Ямаль қатарға оралды

18 жастағы вингер доппен жаттығуға кірісіпті. Енді оқыс жағдай болып қалмаса, өзінің алғашқы Әлем чемпионатына қатысады.
Ол осыған дейін 22 сәуір күні «Сельтаға» (1:0) қарсы ойында сол аяғының бұлшық етін зақымдап алып, содан бері ойнамады.
Испания құрамасының оқу-жаттығу жиыны 30 мамыр күні басталады. «Қызыл фурия» Н тобында Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругваймен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада һәм Мексикада өтеді.