28.05.2026 18:12
Гордон сағат 21:00-де медициналық тексерістен өтеді
28.05.2026 18:12
Энтони Гордон «Барселона» ойыншысы атануға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 25 жастағы англиялық вингер Барселонаға ұшып келді және Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де медициналық тексерістен өтеді. Сосын қос тарап ресми келісімшартқа қол қояды.
Осыған дейін «Барселонаның» Гордонды бонустармен есептегенде шамамен 80 миллион еуроға сатып алатыны белгілі болған еді.
Энтони осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді және алдағы Әлем чемпионатына қатысады.