06.05.2026 13:49
Алиссонның «Ювентусте» алатын жалақысы белгілі болды
06.05.2026 13:49
«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер Италия А Сериясына оралуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, Туриннің клубы 33 жастағы бразилиялық голкипермен келісімге келді. Оған сәйкес келісімшарт 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады екен, ал жалақысы жылына бес миллион еуроны құрайды. Енді «Ювентуске» «Ливерпульді» көндіру қалды, келіссөз басталып кетіпті.
Алиссон Мерсисайдтың клубына «Ромадан» 2018 жылы 72,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта 36 гол өткізіп, 13 ойында қақпасына доп жібермеді.