03.09.2025 14:53
Алан Ширер АПЛ 3-турының үздіктерін атады
03.09.2025 14:53
«Ньюкасл» клубының бұрынғы шабуылшысы Алан Ширер әдеттегідей Ағылшын Премьер-лигасының соңғы турындағы үздіктерді іріктеді
Ширердің таңдауы бойынша 3-турдың символикалық құрамы мынадай:
Қақпашы: Робин Руфс («Сандерленд»);
Қорғаушылар: Доминик Собослаи («Ливерпуль»), Марк Гехи («Кристал Пэлас»), Маркос Сенеси («Борнмут»), Мәлік Диуф («Вест Хэм»);
Жартылай қорғаушылар: Янкуба Минте («Брайтон»), Лукас Пакета («Вест Хэм»), Кирнан Дьюсбери-Холл, Джек Грилиш (екеуі де – «Эвертон»);
Шабуылшылар: Джаррод Боуэн («Вест Хэм»), Жоао Педро («Челси»).
Айта кетейік, үш тур қорытындысынан кейін тоғыз ұпай жинаған «Ливерпуль» турнир кестесінде көш бастап тұр.