22.05.2026 21:19
Алаба «Реалдан» кетеді
22.05.2026 21:19
«Реал» қорғаушысы Дэвид Алаба клубтан кетеді

Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.
33 жастағы аустриялық ойыншы Мадридтің клубына 2021 жылы «Бавариядан» ауысып келген еді. Ол осы аралықта Испанияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында екі рет топ жарды және одан бөлек төрт трофей жеңіп алды.