23.02.2026 09:32
Аканджи «Интерде» қалады
23.02.2026 09:32
«Интер» Мануэль Аканджиді «Манчестер Ситиден» толықтай сатып алады

Миланның клубы 30 жастағы швейцариялық ойыншыны 15 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен екі миллионға жалға алған еді.
Енді «нерадзурри» сол мүмкіндікті іске қоспақ. Қос тарап 2028 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзартуға болады. Оған сәйкес, Аканджидің бір жылдағы жалақысы 3,75 миллион еуроны құрайды. Бірақ бұл команда Италия чемпионы атанса ғана мүмкін болады.
Аканджи осы маусымда 33 матчқа қатысып, екі гол соқты.