23.02.2026 09:01
Жоау Невеш ПСЖ-да қалады
23.02.2026 09:01
Жоау Невеш ПСЖ-мен келісімшартты ұзартады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімге қол қойды. Жаңа шартқа сәйкес, Невештің жалақысы біршама артады екен.
21 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Париж клубының намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 23 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.