23.02.2026 08:32
Ямаль рекорд орнатты
23.02.2026 08:32
Испания Ла Лигасының 25-турында «Барселона» өз алаңында «Левантені» 3:0 есебімен жеңді

Бұл Ламин Ямаль үшін «Барселона» сапындағы 100-жеңіс болып тіркелді.
Осылайша 18 жастағы (242 күн) вингер бұл межені бағындырған ең жас ойыншы атанып, Боян Кркичтің рекордын (20 жас 133 күн) жаңартты.
Ямальға бұл үшін 139 матч қажет болды. Осы аралықта 40 гол соғып, 48 нәтижелі пас берді.