23.02.2026 08:16
Лофтус-Чик ауыр жарақат алды
23.02.2026 08:16
«Милан» жартылай қорғаушысы Рубен Лофтус-Чик ауыр жарақат алды

30 жастағы англиялық ойыншы «Парма» (0:1) қақпашысы Эдоардо Корвимен соқтығысып, бірнеше тісі мен жақ сүйегін сындырып алыпты.
Осыған байланысты оған жақында ота жасалады. Салдарынан бірнеше ай командасына көмектесе алмайды.
Лофтус-Чик осы маусымда 27 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.